09.04.2024, 13:40

Криштиану Роналду қарсыласын шынтағымен ұрып жіберді (ВИДЕО)

Фото: diariopanorama.com

Криштиану ашуланып, оған да жұдырық ала жүгірді.

Әлемге танымал португалиялық футболшы Криштиану Роналду матч кезінде жанжал шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақырында ол алаңнан қуылды.

Бүгін Сауд Арабия Суперкубогының жартылай финалдық кезеңінде «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляль» футбол клубтары кездесті. Кездесу қорытындысында Роналду ойнайтын «Әл-Наср» 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Матчтың 86-минутында Роналду қарсыласымен алаңнын сыртына шығып кеткен допқа таласып, оны шынтағымен ұрып жіберді. Ойынның бас төрешісі Әл-Хоаиш португалиялықтың осы әрекеті үшін бірден қызыл қағаз көрсетті. Ал Криштиану ашуланып, оған да қол көтерді.