Ерсұлтан өмір бойы психологиялық жарақат алды, себебі оның көзінше бауырын өлтірді.
Полиция "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бойынша тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
11 сәуірде кешке олимпиадалық резервтегі мектеп-колледжде Бексұлтан есімді еркін күрес бөлімінің 14 жасар оқушысы құлап, есінен танып қалды. Жедел жәрдем шақырылғанымен бала ауруханаға жетпей көлікте қайтыс болған. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осылай деп мәлімдеді
13 сәуірде Instagram-да көз жұмған баланың әпкесінің үндеуі пайда болды. Қыз Бексұлтанды орта мектеп оқушылары өлтірді деп жазды. Егіз Бексұлтан мен Ерсұлтан Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебінің 8-сыныбында оқып, сол жерде тұрған екен. Жақындарының сөзінше, марқұм құлап, есінен танды деген ақпарат жалған.
"11 сәуірде кешкі сағат 20:30 және 21:00 шамасында бөлмені жинамағаны үшін бауырларыма әлімжеттік көрсеткен. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен 9-сынып оқушылары ұрып-соғып, әрқайсысы 5 реттен ұрған. Содан кейін 10-сынып оқушысы бетінен 2 рет ұрып, кеудесінен бірнеше рет тепкен. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалды. Бексұлтан ұрып-соғудан қайтыс болды, ал Ерсұлтан өмір бойы психологиялық жарақат алды, себебі оның көзінше бауырын өлтірді", – деп жазды автор.
Автордың сөзінше, әрі қарай баланы жаттықтырушы тексеріп, оята алмай жедел жәрдем шақырған.
"Балаға алғашқы көмек көрсетілмеді. Медбике, түнгі тәрбиеші, жаттықтырушы қайда болды?” деп сұрақ қойған ұлдардың әпкесі Әсия туыстары әділ тергеу мен кінәлі адамдарды жазалауды талап ететінін жазды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.
Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде білім алатын оқушы көз жұмғанын жазған едік.
"Сонымен қатар спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты міндеттерге салғырт қарау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажет сараптама тағайындалды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.