$ 495.2  522.34  4.94

СҚО-да иістен уланған 8 баланың бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Егіздің біреуі де жансақтау бөліміне түсті.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында көміртегі тотығынан уланып қалған бір отбасының 8 баласы анасымен бірге Айыртау аудандық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше, ауруханаға түскен 8 баланың үшеуі балалар бөлімшесінде жатыр. Олардың жағдайы орташа. Қалған бес бала қазір жансақтау бөлімшесінде жатыр, жағдайлары тұрақты, ауыр.

«Әйел 1990 жылғы, аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне орналастырылды. Балалардың ең кішісі 2018 жылғы және егіз қыз 2012 жылы туған. Егіздің біреуі де жансақтау бөліміне түсті», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да бір үйдің тоғыз адамы иіс тиіп, уланып қалғанын жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары