$ 480.55  533.75  5.36

Алматы облысында оқушы қыз сабақ үстінде кенеттен көз жұмды

Cабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысында 4-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы жағдай Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте болған. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары