Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей «Рено» жүк көлігімен «Тойота» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.