07.05.2024, 15:30

Ақтауда жастар қан-жоса болғанша төбелескен (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Видео Instagram-дағы "112-Ақтау" парақшасында жарияланды. 

Ақтауда жастар төбелесінен кейінгі жайсыз жайттың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео Instagram-дағы "112-Ақтау" парақшасында жарияланды. Видеодан төбелес салдарынан орын алған жағдайға куә болуға болады. Көшеде тұрған бір көліктің сол жақ беттегі барлық әйнегі сынған, сондай-ақ маңдайшадағы үлкен әйнегі шытынаған. Көлікте және жерден қан дақтарын да көруге болады. Оқиға куәгерлері өзара сөзге келіп қалған төрт жастың төбелескенін айтады.  

"Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.  Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысы ПД-ға сілтеме жасап.