Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды, - делінген ақпаратта.