$ 474.72  515.17  5.58

Жамбыл облысында жасөспірімнің мәйіті табылды

Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне Меркі аудандық ауруханасынан хабарлама түскен.

«Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген баспасөз релизінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары