15.05.2024, 12:20

Шымкентте мектеп өртенді (ВИДЕО)

Фото: ТЖМ

Барлық оқушы мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шықты.

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданында екі қабатты орта мектеп ғимаратының шатыры жанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Барлық оқушы мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.