$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай-Алматы рейсіндегі ұшақта жолаушы қайтыс болды

Ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана әуежайына шұғыл қонды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Астана" телеарнасы мен FlyArystan баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше ұшақта жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Бортсеріктері оның тыныс алуын тексерген, бірақ өмір белгілері болмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нұсқауларға сәйкес, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бортта дәрігерлерді іздей бастаған. Содан кейін бортсеріктер дәрігермен бірге дефибрилляторды қолданып реанимация жүргізген, - деп хабарлады авиакомпания.

Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана әуежайына шұғыл қонды.

Стюардессалар әуежайға келгенге дейін реанимацияны жалғастырды. Өкінішке қарай, жолаушы қайтыс болған.

Әуекомпания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары