16.05.2024, 11:00

Алматы облысында мектеп маңында автокөлік жарылды

Фото: Instagram/gres_big_family

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

15 мамырда сағат 18:16-да Өтеген батыр ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімшесінің байланыс желісіне Рысқұлбеков көшесінде көліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алдымен әлеуметтік желіде №24 мектептің жанында жеңіл көлік жарылғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер "Volkswagen Passat" маркалы жеңіл көліктің моторы орналасқан бөлігінің 1 шаршы метрі қызыл жалынға оранғанын анықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары сапынан төрт қызметкер және бір техника жұмылдырылды.