$ 494.87  520.65  4.91

Президент мінген тікұшақта болған адамдардың мәйіті табылды

Бұған дейін Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Фото: tasnimnews.kz
Фото: tasnimnews.kz

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақта болған адамдардың  денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Президенттік тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлық денелері апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жеткізіледі... Қаза тапқандардың денелерін іздеу жұмыстары аяқталды», - деді Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Тікұшақ бортында: Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян, иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының Аятолла Али Хашим болды.

Еске салсақ, бұған дейін Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары