$ 494.87  520.65  4.91

Кадет мектебінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады

Полиция оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған.

Павлодардағы Қабанбай батыр атындағы кадет мектебінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектептің 40-қа шақты оқушысы төбелескен. Дереккөзге сүйенсек, кадет мектебіндегі әртүрлі сыныптың ұлдары төбелескен. Үш бала ауруханаға түскен.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиға Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей интернатында болғанын растады.

«Үш бала жарақат алған. Полиция оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел жәрдем станциясында да бұл ақпаратты растады. Оқиға орын алған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған екі бала, 2008 жылғы бір бала жеткізілген.

Ал облыстық білім беру басқармасында білім беру мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылатынын жеткізді.

Павлодар облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өкіл Наталья Покидова аталған оқиғаға қатысы бар оқушылармен кездескен. Жиын барысында бала тәрбиесі, жатақхана мен тамақтануды ұйымдастыру, студенттердің ішкі тәртібі мәселелері талқыланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары