Әзірге бұл тойдың нақты қай жерде, қай қалада болғаны белгісіз.
Той тойлағыштар жаңа ырым түрін ойлап тапқанға ұқсайды. Мысалы, Қазақстандағы тойлардың бірінде келіннің бетін ашқан үлкен және жас енесі оған шоколад беріп, бір жағын өздері тістеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеоны желіге Әзима есімді қолданушы жариялаған.
Әлгі видеоны көрген желі қолданушыларының бір бөлігі күліп, таңданысын білдірсе, енді бір бөлігі ашуланып, наразылық білдірген. Тіпті бір желі оқырманы "Лесбиянкалар ма?" деп жазған.
Видеода көрініп тұрғандай, келіннің бетін ашқан үлкен кісі шоколадттың жартысын өз аузына салып, жартысын келінге тістеткен. Әзірге бұл тойдың нақты қай жерде, қай қалада болғаны белгісіз.