28.05.2024, 17:00

Оралда зауыт жұмысшысы қаза тапты

Фото: pixabay.com

Нәтижелер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ол 10 жұмыс күніне созылады.

Оралдағы жұмысшы зауыттағы станокқа қысылып қалып, салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мой город» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 27 мамырға қараған түні болған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кірпіш зауытындағы станокта жұмысшының қысылып қалғаны туралы 2:53-те қоңырау түсті. Жедел жәрдем оны алып кеткенімен, ол ауруханаға тірі жете алмады. 51 жастағы ер адам көлікте алынған көптеген жарақаттар салдарынан көз жұмды.

БҚО еңбек инспекциясы басқармасы қызметкердің қайтыс болу мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

«Нәтижелер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ол 10 жұмыс күніне созылады. Қажет болса, мерзім екі рет ұзартылуы мүмкін», - деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Арман Түйгінбетов