28.05.2024, 16:40

Бүлдіршіндер лимузинге мініп, «Чина братан» әнімен кеш өткізген (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Лимузиннің ішінде ересек кісілер де жүр.

Әлеуметтік желіде жаңаөзендік бүлдіршіндердің балабақша бітіргендерін лимузинде тойлап отырған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батырхан Рысбекұлы есімді желі қолданушысы балабақшамен қоштасқан бүлдіршіндердің видеосын көпшіліктің назарына ұсынды.

Әлгі видеодан «Балабақша түлегі – 2024» жазуы бар сары лента таққан бір топ бала лимузиннің ішінде отыр. Артқы фонда «Ирина Қайратовна» тобының «Чина» әні қосылған. Балалар бұл әннің сөзін жатқа айтқанын көруге болады. Лимузиннің ішінде ересек кісілер де жүр.