30.05.2024, 18:40

Автоледи «полиция озбырлығының» құрбаны болғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Автоледи жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оны қорлап, балағат сөздер айтты.

Агрессивті көлік жүргізуші өзін полиция озбырлығының құрбаны ретінде көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ-нің хабарлауынша, Талғар ауданында тәртіп сақшалары жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тарқан кезде, Toyota Camry көлігінің иесі өзін «полиция озбырлығының» құрбаны ретінде көрсетті.

Учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағы талаптарын бұзған автокөлікті байқады. Иесін таппаған тәртіп сақшысы көліктің мемлекеттік нөмірін тәркіледі.

Басқа құқық бұзушыға хаттаманы толтыру кезінде, Toyota Camry иесі келді. Автоледи жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оны қорлап, балағат сөздер айтты.

Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін  қайтарып берді. Алайда, автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін «полиция озбырлығының» құрбаны ретінде көрсетті.

Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа, билік өкілін қорлағаны үшін жауапқа тартылады.

Қазіргі уақытта жиналған іс-құжаттар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.