$ 480.55  533.75  5.36

Алматы облысындағы тас жолда қариялар мінген көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Жанынан өтіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі көмек көрсетті.

Алматы-Өскемен тас жолында қарт кісілер мінген жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 30 мамырда болған.

Жолда өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері өртеніп жатқан көлікті көріп, көмектескен. Олар өрт сөндіргішті алып, қызыл жалынды сөндіруге тырысқан. Алайда жалын өшпей,  импровизацияланған құралдарға жүгінуге тура келген. 

«Жанынан өтіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі көмек көрсетті. Жағдайды көріп, ол бірден тоқтап, өртті толығымен оқшаулауға көмектесті. Көлігі өртеніп кеткен ата мен әже жарақат алған жоқ, дін аман», - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары