Ал 30 мамырда Ринат Ихиеновке тек ескерту берілген.
Ақсу кәсіпорнының директоры Ринат Ихиенов деген кәсіпкер бірнеше жыл бойы әйелі мен баласына зорлық көрсетіп келген. Оның полиция мен денсауық сақтау саласында таныстары болған. Ал Павлодарда полиция мен зорлықшының ым-ымы бір көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «НеМолчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрінің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Хат мәтініне сүйенсек, Ақсу кәсіпорнының директоры Ринат Ихиенов деген кәсіпкер бірнеше жыл бойы әйелі мен баласына зорлық көрсетіп келген. 26 мамырда бизнесмен әйелін қатты сабаған, басынан жұдырықтаған, телефонмен ұрған, салдарынан жәбірленуші жабық ми жарақатын алып, есінен танып құлайды.
Түнде ол ес-түсін білмейтін әйелін ауруханаға апарады. Өзінің танысы, полиция қызметкері Арсамак Тохтиевті шақырады. Тохтиев зорлық құрбанына көмектесудің орнына ер адамның жағына шығып, әйелді қайтадан күйеуінің қолына тапсырады.
28 мамырда полицей жәбірленушіні қорғау ұйғарымын шығарған.
Ал 30 мамырда Ринат Ихиеновке тек ескерту берілген.