$ 479.38  531.63  5.27

Қанды төбелес: Алматыда екі адам пышақ жарақатын алды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде түнгі уақытта Алматыда болған төбелестің бейнежазбасы тарады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы қаласында төбелес болып, екі адам пышақталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желілерде түнгі уақытта Алматыда болған төбелестің бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбадан қара киімді жігіттің екі адамды соққыға жығып, кейін пышақ сұққанын көруге болады. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиғаға қатысы бар күдіктілер тұтқындалды.

- Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Пышақ тәркіленді. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары