Ол алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бөлмеде ойнап жүрген 5 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті жаз мезгілінде терезе жиі ашық тұратынын айтып, тұрғындарға жиі ескерту жасап келеді. Дегенмен балалардың терезеден құлап кету дерегі жиілеп кетті.
– Бала бөлмеде ойнап жүріп, терезе алдына шыққан. Олар көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрады. 5 жасар бала абайсызда құлап, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Биыл облыста 7 бала терезеден құлады. Біреуі қайғылы аяқталып тұр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.