Іздеу жұмыстарына барлығы 500 адам жұмылдырылған болатын.
Ақтөбеде үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған 13 жастағы ерекше баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалды. Содан бері еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері оны судан да, далалықтан да іздеді.
Іздеу жұмыстарына барлығы 500 адам жұмылдырылды.
Ал кеше ТЖМ-нің тікұшағы әуеден бақылау жасады. Кәрім Жетірудің денесі бүгін табылды.
- Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының манынан табылды. Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, баланың денесі су бетіне қалқып шыққан.