10.06.2024, 18:40

Талғарда той қонақтары автоматтан оқ атқан (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адамның әуеге оқ атқаны видеоға түсіп қалған. 

Алматыда үйлену тойын автоматпен тойлағандар ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Алматы іргесіндегі Талғар ауданында тойға келген қонақтар атыс қаруынан көшеде әуеге оқ атқан.

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған видеодан тойға көп адам келгенін байқауға болады. Бұл жайт Алматы облысының Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған. Той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адамның әуеге оқ атқаны видеоға түсіп қалған. Видеоға облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

«Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.