$ 494.87  520.65  4.91

Подполковник қол астындағы қызметкерді ұрып-соққан

Салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатын алған.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Қостанайда сот шешіміне сәйкес, әскери қызметшіні ұрып-соққан полполковник жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшылық қызметте болған Қостанай гарнизонының подполковник шеніндегі Д.-ға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Басшылық қызметті атқару барысында Д. тікелей басшысының және басқа да қызметкерлердің көзінше қарамағындағы А.-ны ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатын алған. Осылайша, полполковник өз өкілеттілігін асыра пайдаланған.

Ақмола гарнизонының әскери соты 2024 жылғы 23 мамырда әскери қызметші Д.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

«Зардап шеккен әскери қызметшінің басшысы Д. бұл фактіні жасырып, сондай-ақ  әскери қызметші А.-ны көзден таса ұстауға тырысқан. Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, шағымды қарау аясында Д. басшы қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Оның айтуыншга, бұл іске қатысы бар әскерилердің жауапқа тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары