13.06.2024, 22:30

Астанада көшенің қақ ортасында жастар төбелесті (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Полиция қызметкерлері елорданың үш тұрғынын анықтап, ұстады. 

Астанада көшесінде бір-бірін аяусыз ұрып, төбелескен жастар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға куәгерлері төбелесті видеоға түсіріп алған.

Әлгі видео Кадрлар Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Видеода көшеде екі жігіт төбелескені, бір-бірін аяусыз ұрғаны көрсетілген. Кейін төбелеске тағы бір жас жігіт қосылған, ол тоқтар тұрған көліктен қолына таяқ секілді зат алғаны видеодан байқалады.

Осы оқиғаға байланысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«Полиция қызметкерлері елорданың үш тұрғынын анықтап, ұстады. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ПД баспасөз қызметінен.