15.06.2024, 16:30

Астанада әйел мектептегі лифт шахтасына құлап кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Астанада ТЖМ құтқарушылары лифт шахтасына құлаған әйелге көмекке келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының Алматы ауданында мектептердің бірінде 1986 жылы туған әйел лифт шахтасына құлады. Үш тізелі баспалдақ көмегімен 40 жастағы әйел көтеріліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.