Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Орал қаласында өз үйінен 1965 жылғы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 маусым күні болған. Кешкі сағат 17.50-де өзіне-өзі қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.
«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді», - деп хабарлады ведомстводан.