03.07.2024, 17:20

Шығыс Қазақстанда әйелге найзағай түсіп, мерт болды

Фото: Pixabay

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтты растады.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы бұзылып, күн күркіреп тұрған кезде әйелдің басына жай түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

YK-news.kz мәліметінше, әйел аттың үстінде болған. Қасында тағы бір жылқы еріп келе жатқан. Қайғылы оқиға салдарынан жылқылар да өліп кеткен.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өз қызметкерлері оқиға орнына шақырту алмағанын атап өтті.

Ал ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтты растады.

Оқыс оқиғадан әйел қаза тапты. Сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.