$ 494.87  520.65  4.91

Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Massaget.kz жазуынша, қайғылы оқиға Соколовско-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне қарасты "Соколовская" кенішінде болды.

Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды. 

"280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты.

"ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі", - делінген жауапта.

Оқиға қатысты тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары