$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар тұрғыны адам өлтіріп, денесін cуға тастап жіберген

Екі азаматтың арасындағы жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сот залында Б-ға қатысты К.-ны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы @Pavlodarnews.kz-ке cілтеме жасап.

Соттың анықтауы бойынша 2009 жылдың 6 шілдесінде масаң күйде болған Б., жанжал салдарынан К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген, - дейді соттың баспасөз орталығында.

Жауапкердің кінәсі сотталушының өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Қылмыскер бұрын сотталған және жазасын түрмеде өтеген. Осыны ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары