$ 478.96  533.03  5.22

Павлодардағы 7 жасар баланың өлімі: Прокурор қыздың анасын 20 жылға соттауды сұрады

Сараптама комиссиясы қыздың анасы психикалық аурулармен ауырмайтынын мәлімдеді.

 

Фото: Павлодар облысы полиция департаменті
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Павлодарда 7 жастағы Милана Давыдованың өліміне қатысы бар деген айыпталған қыздың анасы мен көршісіне қатысты соңғы сот отырыстарының бірі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 шілдеде Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарыссөз басталды. Бұл туралы Stan.kz сайты жазды.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сотталушылар 7 жастағы қызды асқан қатігездікпен өлтірген. Бұған іс материалдары, сараптамалар мен куәгерлердің жауаптары дәлел дейді. Прокурор қыздың анасын 20 жылға, оның сыбайласын өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Сотталушы А.-ны қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес кәнілі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырып, жазасын төтенше қауіпсіз мекемеде өтеуін сұраймын. Сотталушы Д.-ны қылмысы үшін кінәлі деп танып, 20 жылға соттап, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуін сұраймын, – деді мемлекеттік айыптаушы Елена Корнева.

Марқұмның анасы жарыссөз кезінде қызын өлтірмегенін, өзін Милананы қараусыз қалдырғаны үшін кінәлайтынын мәлімдеді. 

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, стационарлық сот-психиатриялық сараптаманың қосымша комиссиясы қыздың анасы психикалық аурулармен ауырмайтынын мәлімдеді. Екінші сотталушының да психикалық денсаулығында кінәрат жоқ болып шықты. 

Сот отырысы кезінде сотталушының арызы бойынша тергелген 415-баптың 1-бөлігі (Айғақ беруге мәжбүрлеу) бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны белгілі болды. Қыздың анасы бұған дейін полицияны тергеу әрекеттері кезінде психологиялық және физикалық қысым көрсетіп, куәлік беруге мәжбүрледі деп айыптаған еді.

Еске салсақ, сұмдық оқиға былтыр қараша айында Бесқауға ауылында болды. Із-түссіз жоғалып кеткен жеті жасар Милана Давыдованы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Бірнеше күннен кейін безбүйрек ана жасаған қылмысын мойындап, қаршадай қызының денесі жасырылған жерді көрсетіп берді.

Сондай-ақ жантүршігерлік қылмысқа тағы бір ер адамның қатысы бары анықталды. Ол әйелге қыздың денесін жасыруға көмектескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары