16.07.2024, 00:30

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған кінәлі сотта қолын кесіп тастады

Фото: видеодан алынған кадр

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. 

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыппен өмір бойына сотталған ер адам үкімді жариялау кезінде қолын кесіп тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

 

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. 

Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, – делінген хабарламада. 

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Павлодар облысында жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шыққанын жазған едік.. Ал қыздың анасы қылмысқа сыбайлас болғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар өз кінәларын мойындамаған.