Төрт жасар ұлды шешесі төрт айға қалдырып, жұмысқа кеткен.
Қызын зорлап, ұлды азаптап өлтірген азғын өмір бойына сотталды Семейде жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс жасаған қаскөй жазасын алды. 9 жасар туған қызын зорлап, өзгенің 4 жасар ұлын азаптап өлтірген азғын өмір бақи бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
KTK телеарнасының мәліметінше, сұмдық оқиға 2023 жылы қыркүйек айында болған. 38 жастағы тұрғынның әйелі үйінде жұрттың баласын бағумен айналысыпты. Төрт жасар ұлды шешесі төрт айға қалдырып, жұмысқа кеткен. Осы уақыт ішінде олар бүлдіршінге көрсетпегені жоқ. Бала күтушінің күйеуі ақыры бөбекті ұрып өлтіріп, мәйітін жол бойындағы дәретхананың шұңқырына апарып тастаған. Қаскөй үйіндегі балалардың көзінше жалаңаш жүріп, тоғыз жасар туған қызына сексуал сипаттағы әрекеттер жасапты. Енді осы қылмысы үшін өмірінің соңына дейін абақтыда отырады. Ал күйеуінің қылмысын жасырып, балаларға араша түспеген әйелі де жаза арқалады.
Ер адам өмір бойы жазасын өтейтін болады. Ал оның әйелін екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруға шешім шығардық. Педагог лауазымын атқару құқығынан 3 жылға айырылады. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ, - деді судья Назгүл Әбдуәлиева.