$ 487.24  529.34  5.02

«Бала өлімі жиіледі»: Сорғыға аяғы тартылып, қайтыс болған баланың оқиғасы халықты ашуландырды

Үш жастағы бүлдіршін алты баланың төртіншісі еді. 

Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырауда үш жастағы бала субұрқақтағы циркулярлы сорғыға аяғы тартылып, тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KAZ.NUR.KZ  сайтының жазуынша, қайғылы оқиға қала орталығындағы Жайық жағалауында болған.

26 шілде күні кешке 3 жасар бала 13 және 15 жастағы әпкелерімен Әйтеке би көшесінде, Жайық жағасындағы субұрқақтардың бірінің маңында демалып жүрген. Бүлдіршін ойнап жүрген кезде субұрқақтың ішіндегі иірімді сорғы аяғын тартып қалған. Бала сол жерде суға тұншығып қайтыс болған. Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Наргиз Абдрахманованың айтуынша, жедел жәрдемге қоңырау сағат 18:07-де түскен. Дәрігерлер оқиға орнына 7 минутта жеткен.

Жедел жәрдем бекетінің "103" көлігі сағат 18:14-те мекенжайға жетті. Алайда бала медицина қызметкерлері жеткенге дейін қайтыс болып кеткен, - дейді Наргиз Абдрахманова.

Үш жастағы бүлдіршін көпбалалы отбасында тәрбиеленген, ол – алты баланың төртіншісі. Қазір ұл-қыздарын анасы жалғыз тәрбиелеп отыр. Атыраулық еріктілер бұл отбасымен тығыз байланыста, кейде азық-түлікпен көмектесіп тұрады.

Еріктілердің бірі Ольга Андрееваның айтуынша, анасы балаларын асырау үшін жалғыз өзі жұмыс істейді. Олардың ең кенжесі 1,5 жаста. Анасы оқиға күні де жұмыста болған.

Әлеуметтік желіде халық "ата-анасы қарамай қалған" деп сынап жатыр. Бұл субұрқақта кез келген бала ойнайды. Мұндай жағдай болады деп ешкім ойламаған. Анасы балаларын асыраймын деп шапқылап жүр. Пәтер жалдап тұрады. Балаларға берілетін ақша 6 баланы асырауға жетпейді. Мүгедек бала бағып отыр. Бір апта бұрын ақша жинап, азық-түлік апарып бергенбіз. Қазір отбасы қайғы жұтып отыр. Сынайтын жағдай емес. Баланың жаназасын өткізуге қаражат жинап жатырмыз, - дейді Ольга.

Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде соңғы кезде қалада бала өлімі көбейгенін, көшелерде қыдырудың өзі қауіпті болып кеткенін жазып жатыр.

"Неге қоғамдық орындарға қауіпті нысандарды салады? Ешқандай сапа жоқ, мұның артында жемқорлық тұр", "Соңғы айда бала өлімі жиілеп кетті. Ескерткіш құлады, бассейнге батты, енді міне субұрқақтағы жағдай. Қауіпті қала болып кетті", "Неге мұндай қауіпті нысандарға қоршау қойылмайды?"- деді атыраулықтар.

Аталған іс бойынша Атырау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, кешенді тексеру жүргізіп жатып.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атырауда ескерткіш астында қалған қыздың әкесі: Ішкі ағзалары жарылып кеткен

Атырауда 10 жасар қыз бассейндегі суға батып көз жұмды

Атырауда екі күн бұрын суға батқан жасөспірімнің мүрдесі табылды

Атырауда тағы екі бала суға батып кетті

Атырауда субұрқаққа құлаған 3 жасар бала мерт болды

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары