29.07.2024, 10:40

«Бір айлық баласы қалды»: Қостанайда әйел 8-қабаттан секіріп қаза тапты

Фото: Pixabay

Марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырған.

Қайғылы оқиға 28 шілде күні Быковский көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде сағат 10:00 шамасында болған. Әйелдің артында екі кішкентай  баласы қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырып, өзі 8 қабаттан секіріп кеткен. Бұл кезде марқұм әйелдің күйеуі балыққа кеткен. 

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлімді растады.