30.07.2024, 12:20

Ақтауда әйел ойын алаңында танымайтын баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Аймақтық полиция департаментінде бұл фактті растады. 

Желіде Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған белгісіз әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі видеода әйел әткеншекте отырған балаға келіп, ұрып-соға бастаған. Деректерге сай, оқиға 20 шағын ауданда орын алған. 

Lada.kz мәліметінше, аймақтық полиция департаментінде бұл фактті растады. 

“Әйелдің жеке басы анықталды. Ол қоғамдық орындарда қудалау фактісі бойынша жауапқа тартылды”, - деді полиция. 

Қылмыстық кодекстің 449-бабы-қоғамдық орындарда қудалау фактісінде жеке тұлғаларға ескерту жасауға не оларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (18 460 теңге) салу қарастырылған.