Денесінің 98 пайызын күйік шалған әйел есін жимастан жан тапсырды.
Ер адам әуелі әйелін өртеп, артынша өзіне суицид жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Таразда ер адам өз үйіне от қойған. Сол кезде үйде болған әйелі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Кейіннен үйдің маңынан отағасының мәйіті табылды. Бұл туралы Kazinform жазды.
Жақында түрмеден босап шыққан 54 жастағы ер адам мен әйелінің арасында жанжал болған. Сол кезде үй иесі үйді өртеп жіберген. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі өз үйінің маңынан табылды. Денесін күйік шалған әйелі ауруханада қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды, — делінген Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оны құтқарушылар жедел жәрдемге тапсырып, ауруханаға жеткізілген еді. Денесінің 98 пайызын күйік шалған. Бүгін таңертең әйел есін жимастан жан тапсырды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Таразда түрмеден шыққан ер адам үйімен қоса әйелін қасақана өртеп жіберген