03.01.2025, 17:30

Ақмола облысында 40-қа жуық көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

Қатты боран салдарынан Астана-Щучинск тас жолы сағат 12:00-ден бастап жабылды.

Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы  арасындағы тас жолда 40-қа жуық көлік соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Жаппай апаттың куәгерлері мен қатысушылары оқиға орнынан видео түсіріп алған. Кадрлардан тас жолда қатты боран соққанын байқауға болады.

"Сағат 13:30-да Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлер жүр", – делінген хабарламада.

Қатты боран салдарынан Астана-Щучинск тас жолы сағат 12:00-ден бастап жабылды.

Ал «ҚазАвтожол» «Астана-Петропавловск» тас жолындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады 3 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-Петропавловск» республикалық жолының 18-232 км учаскесінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді. 95 көліктің қатысуымен жол апаты болды. Қазір жолдың бір жолағы тазартылып, жарамды көліктер қозғалысты жалғастыруда. Дегенмен, учаскеде қозғалыс уақытша қайта шектелді, жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде.