Ашуға бой алдырған қыз пышақ алып, әжесінің оң жақ бүйіріне ұрған.
Мәскеуде 11 жастағы қыз әжесін пышақтап өлтірді. Қызды әжесі серуендеуге жібермей қойған. Ал немересі сол үшін әжесіне ашуланған, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, әжесі кешке репетитордың келетінін айтып, немересіне серуендеуге рұқсат бермеген. Ашуға бой алдырған қыз пышақ алып, әжесінің оң жақ бүйіріне ұрған. Зардап шеккен әйел жерге құлаған соң, қыз көршілерге барып, әжесінің қайтыс болғанын айтқан.
Қыздың көршілерінің біреуі пәтерге кіріп, әйелді жарақат алған күйінде тауып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оқиға орнына келіп, зардап шеккенді ауруханаға жеткізгенімен, ол жарты сағаттан кейін реанимацияда қайтыс болған.
Мәскеу қаласының Тергеу комитеті денсаулыққа ауыр зиян келтіру, оның өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда Ресейдің қылмыстық заңнамасы бойынша, бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап белгіленеді. Сондықтан қыз сот алдында жауапқа тартылмайды.