19.02.2025, 12:00

Алматыда тағы бір қойма өртенді (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін кесірінен жалынды өшіру қиынға соғып жатыр.

Алматыда Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі бойындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматыда өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр. Сөздерінше, құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.

“Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін кесірінен жалынды өшіру қиынға соғып жатыр. Сумен үзіліссіз қамтамасыз етіп жатырмыз”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.