$ 498.34  519.72  4.85

Митингке шыққан бойжеткендерді жедел жәрдем көлігі алып кетті

Полицейлердің бойжеткендерді соққыға жыққаны соншалық, оларды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетуге мәжбүр болды.
фото: ru.wiktionary.org
фото: ru.wiktionary.org

Ресейдің Архангельск облысында қоқыс полигоны құрылысына қарсы митингке шыққан бойжеткендерді жедел жәрдем көлігі алып кетті, деп хабарлайды SN.kz тілшісі «Дождь» арнасына сілтеме жасап.

Белсенділер Анна Шекалова мен Марина Червочкина Шиес станциясындағы қоқыс полигоны құрылысына қарсы митингке шыққан болатын. Тәртіп сақшыларының оларды соққыға жыққаны сол, екі қызды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетуге мәжбүр болды. 

Полицейлер екі бойжеткенді алғашқыда пойызға отырғызып әкетпек болған. Алайда жол бойындағы Урдом станциясында оларды дәрігерлер тәртіп сақшыларынан тартып әкетті. 

Ұсталған қыздар құрылыс алаңындағы жұмыстарды видеоға түсірген болатын. Алайда, оларға полицейлер мен ОМОН қызметкерлері бас салыпты. 

Адвокат Оксана Владыканың айтуынша, тәртіп сақшылары вагоннан құрылыс заттарын түсіруге жол бермеген тағы үш адамды ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары