$ 494.87  520.65  4.91

Тапсырыс болуы мүмкін: Ақтөбедегі моншалардың бірінде атыраулықтар бір-біріне оқ атты

Атырау тұрғындары Ақтөбеде бірнеше күн пәтер жалдап тұрған. Кейін ол үйден екі қару табылды.
mordovmedia.ru
mordovmedia.ru

Атырау облысы тұрғындары Ақтөбедегі моншалардың бірінде атысты. Біреуінің басына оқ тиіп, бүгінде ауруханада жатыр, деп хабарлайды SN.kz тілшісі жергілікті полицияға сілтеме жасап,

Жедел іздестіру кезінде Атырау облысынан келген екі азамат ұсталды. Анықталғандай, атыс болған күнге дейін олар пәтер жалдап тұрған. Ол үйден табылған екі қарудың бірі Мақат ауданда ұрланған екен.

Оқиға бойынша «адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #монша