$ 448.56  478.03  4.79

Алматыда ер азаматты көлік қағып өлтірді

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қалтасында жеке куәлігі болмаған, шамамен 32-35 жаста.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz


Алматының "Қарасу" шағын ауданында Солтүстік шеңберге жетпей ер адамды көлік қағып өлтірді, деп жазды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 24 маусымға қараған түні болыпты. Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Matiz Бұрындай көшесімен келе жатқанда алдынан ер адам атып шығады.

Жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек ер адамды көрмей қалып, қатты жылдамдықпен қаққан.

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қалтасында жеке куәлігі болмаған, шамамен 32-35 жаста.

Полиция жол апатының мән-жайы мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары