$ 495.2  522.34  4.94

Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде – қала әкімдігі (ВИДЕО)

Жарылыс болған жерге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 өрт техникасы, сондай-ақ Шымкенттен 4 техника, жеке құрамның 23 адамы мен 1 кинологиялық топ жұмылған.

Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

2019 жылдың 24 маусымында 09:20-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түскен.  

Жарылыс болған жерге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 өрт техникасы, сондай-ақ Шымкенттен 4 техника, жеке құрамның 23 адамы мен 1 кинологиялық топ жұмылдырылған.

«Қазіргі уақытта өрт сөндіру және эвакуация жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендер жайлы ақпараттар бар. Қазіргі сәтте облыс әкімінің бастауымен жұмыс тобы құрылды», - деді әкімдікте.  

Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді.  

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары