$ 495.2  522.34  4.94

«Саған ерегісіп тұрмысқа шықтым»: 2 баланың анасы сүйіктісіне жантебірентерлік хат жолдады

Бақыт тілеймін саған. Шын ғашықтар қосылмайтынына көзім жетті.
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Өмірім өтіп жатыр... Күпірлік қылмайын... Шүкір Аллаға, мені сүйетін күйеуім бар, қызғалдақтай қызым бар, асықтай ұлым бар. Үйім бар, жайым бар, төрт құбылам түгел... шүкір....

Бірақ.... бірақ... маған бір нəрсе жетіспейді... ол - ОЛ.

Мен оны əлі сүйем... Ұмыттым ба деп едім. Ұмытпаппын. Əлі де сағынады екем. Əлі де сүйеді екем. Кезінде қаншама күндерім сонымен бірге өтті.... ал қазір өкінішті сезем...

... Сен білесің бе, мен саған ерегісіп тұрмыс құрдым. Əрдайым суретке күліп түсіп, сен көреді-ау деген барлық парақшаларыма жүктедім... мені қандай бақытты екенімді көрсін, мен онсыз да бақытты бола алатынымды көрсін дедім... бірақ мен қателесіппін...

Сенсіз жүре алады екем, бірақ жүрек... Жүрекке əмірімді жүргізе алмадым.

Сені əлі сүйем...

Сен де маған ерегісіп біреудің жалғыз қызын алдың. Некеде екеуің де бақытты емессіңдер. Ол қызға да обал... мен де жақтырмас едім, күйеуім мені басқа біреудің есімімен атап, басқаны сүйем десе...

Бірақ мені талаааай жылатқан, мені талай көз жасым мен өксігіме тұншықтырған күндер мен түндердің өтеуі деп біл осыны. Сені қаншалықты сүйсем, соншалықты жек көрдім.

Жүрегім əлі де сені іздейді, сағынады... Мені сүйетініңді білем. Бірақ соны кеш мойындағаныңа налимын. Мені сүйетініңді айту үшін міндетті түрде сенен кетуім керек болды ма? Міндетті түрде сен жылауың керек болды ма?

Мойындағаның үшін рахмет!!!

Сен айтасың, "мен əйтеуір бір күні болмаса, бір күні сенімен бірге болам деп сенемін" деп.... мүмкін.... бірақ бұл өмірде емес...

Мені сүйген, сені сүйген жандардың жазығы не?!

Бақыт тілеймін саған. Шын ғашықтар қосылмайтынына көзім жетті. Мүмкін біздің қосылмағанымыз - менің қызым мен ұлымның, жəне сенің енді өмірге келетін сəбиіңнің көрер жарығы шығар?!

...Жаным-ау, мен мына əлемге сыймай кетіп барамын,

Енді ешкімді дəл осылай мұңлық етпе, қарағым...

Саған арнап жазған өлеңімнің екі қатары есіме түсіп кетті... қарап отырсам, саған арнаған соңғы өлеңім екен. Сөздері де сенімен қоштасып тұрғандай...

Одан соң табандай 5 жыл өтіпті. Ал мен содан бері əлі бір де бір өлең жазбаппын...

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары