Қайғылы жағдай 18 маусым күні 6-шағынауданда болған. Зейнеткер жедел жәрдем келгенше қайтыс боп кеткен, деп жазады kriminalka.kz.
Марқұмның құжаттары табылмады. Оның жалғыз тұратыны және үнемі ішімдік ішіп жүретіні белгілі болды.
65 жастағы қарттың аты-жөні Евгений Бузинов екен.
Зейнеткердің көршілері оның ақ көңіл, мәдениетті адам болғанын айтады. Кейін ішімдікке салынып кетіпті.
Жергілікті полицейлер оқиғаға қатысты «Өзін өліруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.