Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр, деп xабарлайды Tengrinews.kz.
Митингі «Сарыарқа» кинотеатрының маңында сағат 10:00-де басталды. Наразылықты бастап жүрген Әлнұр Ильяшев. Ол бұған дейін Алматыда өтетін бейбіт митингіге рұқсат алған.
Шараға 200-ге жуық адам жиналған. Белсенділер трибунаға шығып, өз ойын айтып жатыр.