$ 494.87  520.65  4.91

«Қызымызға үйленбесең, тірідей көміп тастаймыз»: сүйгенінің ағасы мен әкесінен қорыққан жігіт асылып қалды

Батош ауылының тұрғыны – 23 жастағы Хусрав көрші ауылда тұратын Санам деген қызға ғашық болып қалған. Бір күні қыз оны түн ортасында өз ауылында кездесуге шақырады. Жігіт оған қуана келіседі.

Тәжікстанның жергілікті басылымы 23 жастағы жігіттің тағдыры туралы жазды, деп хабарлады Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

Аталған оқиға Тұрсынзаде қаласына жақын жерде болған. Батош ауылының тұрғыны – 23 жастағы Хусрав көрші ауылда тұратын Санам деген қызға ғашық болып қалған. Бір күні қыз оны түн ортасында өз ауылында кездесуге шақырады. Жігіт оған қуана келіседі. Сөйтіп, екі ғашық оңаша кездескен. Бірақ қыздың әкесі мен ағалары екеуінің үстінен түседі. Олар Хусравты алдымен аямай арматурамен ұрған. Одан кейін шұңқыр қазып, қызымызға үйленбесең, тірідей көміп тастаймыз деп қорқытады. Зәре-құты қашқан жігіт бірден келісімін берген.

Қыздың әкесі мен ағалары ондай «масқараға» шыдамай, жігіттің жазасын беруге шешім қабылдаған. Олар алдымен оны арматурамен ұрады. Сосын шұңқыр қазып, мойнына дейін көміп тастаған. Санамға үйленбесең, тірідей көміп тастаймыз дейді. Хусрав қорыққаннан өз келісімін берді. Алайда үйге барғаннан кейін ертесінде таңғы сағат 4-те әкесінің үйіндегі мал қорада асылып өлді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ғашықтар