Елордада қалалық автобустардың бірінде бұрыш газ баллон шашып, төбелес шығарған азамат ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.
«Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, оқиға 15 тамызда 10:00 шамасында №9 автобуста болған. Белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ баллонын шашып жіберген. Артынша автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласының бетінен теуіп, оқиға орнынан қашып кеткен.