20.08.2019, 17:55

СҚО: 2 жасар қыз терезеден құлап, қайтыс болды

Ведомство мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 20 тамызда болған.

Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылында екі жасар қыз терезеден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 20 тамызда болған. 

"2019 жылғы 20 тамызда сағат 12: 15-те Ғ. Мүсрепов атындағы ауданы Новоишимское аудан орталығының Локомотивная көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда москит торын басып, 2017 жылы туған қыз құлап кетті. Бала шұғыл аудандық орталық ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілдері. 

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да осындай үш жағдай болған. 

Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қорғау үшін келесі іс-шараларды жүргізуді ұсынады: 

- үйде бала болса, терезені ашық қалдырмау; 

- терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау; 

- балалар сенім-ді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді; 

- баланы, әсіресе терезелердің, балкондардың және шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмау; 

- бала терезеге кірмей, төмен түспеуі үшін терезелері бар жиһазды жа-қын жерде қоймаңыз; 

- балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Үлкен балаларды кішілерге қарауға үйрету.

Тегтер: СҚО